Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » XII Республикалық қашықтық олимпиадасы
XII Республикалық қашықтық олимпиадасы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-01-2018 17:05
XII Республикалық қашықтық олимпиадасы

2018 жылдың 3-5 қаңтары аралығында еліміздің астанасы – Астана қаласында қазақ тілінен өзге ұлт оқушыларының 5-10 сынып оқушылары арасында ХІІ Республикалық «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – лингвистикалық тұрғыда талантты, зияткерлік және рухани дамудағы қарым-қатынас құралы ретінде мемлекеттік тілді меңгеруге қызығушылық танытатын оқушыларды анықтау және қолдау.

Қашықтық кезеңінен сәтті өткен ШҚО командасының қатысушылары олимпиаданың қорытынды кезеңінде өз аймақтарының намысын лайықты қорғады.

ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:

- Боброва Елена – Семей қаласы, №15 орта мектептің 6 сынып оқушысы;

- Яркова Регина – Семей қаласы, №15 орта мектептің 6 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған:

- Нагимова Диера – Семей қаласы, №40 орта мектептің 6 сынып оқушысы.

Білім бөлімі