Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Әлеуметтік желілердегі мектептер
Әлеуметтік желілердегі мектептер
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
12-02-2018 12:05
Әлеуметтік желілердегі мектептер

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында: “Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет” деп көрсетілген.

КазГЮИУ мен Семей қ. білім бөлімі арасындағы қол қойылған Меморандум аясында, №12 мектепте екінші оқу семинары өткізілді.

Қазіргі уақытта «Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері» тақырыбында КазГЮИУ – дің маркетинг бөлімінің SMM-менеджері Салыков Асхат семинар-тренинг жүргізді.
Үш ағымдағы әлеуметтік желінің негізгі функциялары көрсетілді (Instagram, Vkontakte, Facebook).

Білім бөлімі