Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » КазГЮИУ болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуде
КазГЮИУ болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуде
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
12-02-2018 12:11
КазГЮИУ болашақ көшбасшыларды тәрбиелеуде

Тəуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Еліміздің жарқын болашағы білім нəрімен сусындаған, парасат-пайымы мол, жоғары мəдениетті көшбасшылық қабілеттері жоғары дамыған жастардың қолында.

Осы орайда Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті және «Жас заңгерлер достастығы» Қоғамдық Қоры, Семей қаласы білім бөлімінің қолдауымен №3, №9, №11, №12, №15, №18, №19, №20, №21, №22, №32, №34, №38, №47, №48 жалпы орта білім беретін мектептердің Ұлан басыларына арналған көшбасшылық мектептің алғашқы кезеңі басталды.

Іс-шара барысында ойлау дағдыларын дамытуға ықпал ететін интерактивті оқыту әдістері, пайдалы ақпарат пен бейнематериалдар пайдаланылды. Әрбір қатысушы өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды.

Білім бөлімі