Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Әлеуметтік желілерде үлкен жұмыс атқарылуда
Әлеуметтік желілерде үлкен жұмыс атқарылуда
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
12-02-2018 12:15
Әлеуметтік желілерде үлкен жұмыс атқарылуда

2017 жылдың 20 желтоқсанында КазГЮИУ мен Семей қаласының Білім бөлімі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес 2018 жылы КазГЮИУ қаламыздың барлық мектептерімен тығыз жұмыс жасайды.

Ынтымақтастық бағыттарының бірі қала мектептеріне әлеуметтік желілерінде парақшаны ашу және қолдануға үйрету бойынша жұмыстар басталды.

Университеттің маркетинг бөлімінің SMM-менеджері Салыков Асхат, №12 жалпы орта білім беру мектебінде, біздің қаламыздағы мектеп қызметкерлеріне арналған әлеуметтік желілерді дамыту бойынша алғашқы семинар-тренингін өткізді. Бұл жалпы орта білім беру мекемелері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Семей қаласының мектептерінің 15 өкілі, әлеуметтік желілерде Instagram, Vkontakte және Facebook әлеуметтік желілерінде парақшаларын ашты.

Әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін, артықшылықтарын және оларды дұрыс басқаруды көрсететін тағы төрт оқыту семинары келешекте жүргізіледі.

Білім бөлімі