TALIS-2018
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
03-04-2018 17:16
TALIS-2018

2018 жылғы наурыздың 26-ы күні бастау алған TALIS-2018 халықаралық зерттеуіне Семей қаласының 10 мектебінен іріктелген білім ордасының 10 директоры мен 5-9 сыныптарда дәріс беретін 202 оқытушы қатысты. Мектептердің репрезентативті іріктелуі Халықаралық зерттеу консорциумымен анықталған болатын. Онлайн режимде өткен сауалнамаға 102 ұстаз мемлекеттік тілде, 90 мұғалім орыс тілінде жауап берді. Сауалнама сұрақтары мұғалімдердің ұстанымы мен еңбек жағдайына қатысты болды.

TALIS 2008 жылдан бастап, әр 5 жыл сайын өтетін әлемдегі мұғалімдер корпусының ең ауқымды халықаралық зерттеуі болып табылады. Зерттеу мұғалімдердің қызметіне, инновациялылығына, еңбек жағдайына, әлеуметтік статусына сырттан салыстырмалы баға береді. Сондай-ақ, зерттеу барысында мектептегі көшбасшылыққа және ахуалға талдау жүргізіледі.
TALIS-2018 зерттеуінің нәтижелері 2019 жылдың маусым айында жарияланады. Қазақстандық мұғалімдер, директорлар жайлы және де олардың еңбек жағдайлары туралы алғашқы рет объективті әрі басқа елдермен салыстырмалы деректер алынатын болады.
Зерттеу мектеп мұғалімдері мен директорлардың ой-пікірлерінің ұлттық және халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік береді. TALIS зерттеуінің нәтижелеріне қарай, қатысушы елдер оқытуға тиімді жағдай туғызу мақсатында өз білім саясатын қайта қарастырып, дамудың жаңа басым бағыттарын анықтайды.

 

Білім бөлімі