Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Білім беру мекемелерінің мектеп мұражайларының байқау-конкурсының қорытындысы
Білім беру мекемелерінің мектеп мұражайларының байқау-конкурсының қорытындысы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
09-04-2018 18:08
Білім беру мекемелерінің мектеп мұражайларының байқау-конкурсының қорытындысы

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен бірге Семей қаласының мектеп мұражайларының арасында байқау-конкурс өткізілді. Байқау-конкурстың мақсаты: мектеп оқушыларының патриоттық сезімдерін, отансүйгіштігін, оның өткеніне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Байқау мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» («Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңарту») мақаласын іске асыру шеңберінде өткізілді. Оған №13, №16, №22, №33, №30, №29, №23, №43, №6, №37 гимназиялар, Шақаман ЖОББМ, Шүлбі мектеп-кешені және Жарқын жалпы орта білім беретін мектептердің 13 мұражайы қатысты.
Аталмыш мұражайлардың тіркелген мектеп мұражайы паспорты бар, олардың қызметі «Мектеп мұражайы туралы Ережеге» сәйкес жүргізіледі. Оқушылар мұғалімдердің басшылығымен ғылыми-зерттеушілік, іздестіру-жинақтау, экспозициялық, көпшілік-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Барлық мұражайларда экскурсиялардан басқа батылдық, ержүректілік сабақтары, атаулы күндерге арналған сынып сағаттары өткізіледі.
Байқау нәтижелері бойынша «Т.Аманов атындағы №16 ЖОББМ» КММ Бас жүлдені, Шүлбі мектеп-кешені І орынды жеңіп алса, №6 және №37 гимназиялар ІІ орынды бөлісіп, №30 және №29 «Пальмира» ЖОББМ ІІІ орынды жеңіп алды.
Байқау қатысушылары грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Білім бөлімі