Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Семейдің жас толқын футболшылары
Семейдің жас толқын футболшылары
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
12-04-2018 18:09
Семейдің жас толқын футболшылары

Шәкәрім мемлекеттік университетінің спорт кешенінде аула клубтары арасында ақпан айында басталған, 9-шы қалалық «Жас толқын - 2018» турнирі аяқталды.
Барлық ойындар алдын – ала №9 орта мектептің спорттық залында өтті. Қаланың барлық түкпірінен 2006 жылғы және одан кіші 150-дей жас футболшылар бірігіп 14 команда құрады және олар ойындарын демалыс күндері өткізді.
Соңғы күні қорытынды бойынша 4 күшті команда арасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Жартылай финалда «Жемчужина» командасы (жетекшісі Аринова А.Б.) 32–ші мектептің «Жас-ұлан» командасын (ұйымдастырушы – педагог Адамбаева Ж.Б.) 3:1 есебімен жеңді, екінші жеңімпаз «Олимп» (№20 мектеп), «Ертіс» (Жаңа құрылыс) ( ұйымдастырушы – педагогтер Жүрсінова К.Н. және Парфиевич Л.Б.) командалары арасынан «ертістіктер» 6:2 есебімен басым түсті.
Турнирдің үшінші орыны үшін «Жас ұлан» командасы табанды шайқаста «олимптықтарды» 5:4 есебімен жеңді, ал финалда «Жемчужина» «Ертіс» командасына қарағанда табандылық танытып, шабуылшылардың чемпионы Артем Фридентальдің шеберлігінің арқасында, матч 4:0 есебімен аяқталды.
Турнир барысында үздіктер анықталды: қақпашы – Жүнісжанов Ұлағат («Ертіс»), қорғаушы – Болатов Нұрасыл («Жас- ұлан»), шабуылшы – Крунтенчук Денис («Олимп»), үздік ойыншы – Халел Батырхан («Жемчужина»).
Міне, осымен 9 жыл қаламыздағы аула клубтарының футзал өткізуіне қолдау көрсеткен, жарыстың бас демеушісі - «Береке» Микрофинанстық ұйымының директоры Хайырлыбаева Жұмагүл Бейсембайқызы турнирдің жабылу салтанатында медальдармен, кубоктармен және дипломдармен марапаттады.
Турнирдің жабылу салтанатында «Восток» аула клубының бишілер тобы орыстың халық биімен көзге түсті. (жетекшісі Құспанова Г.).

Білім бөлімі