Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Облыстық "Үздік сынып жетекші - 2018"
Облыстық "Үздік сынып жетекші - 2018"
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
03-05-2018 17:41
Облыстық

Педагог – мамандарды сынып жетекшілік қырынан сынау мақсатында облыстық "Үздік сынып жетекші - 2018" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Шығыс Қазақстандағы жалпы білім мекемелеріндегі сынып жетекшілердің шығармашылық ой - өрісін дамыту, кәсіби деңгейін өсіру, сыныптық ұжымның ата-аналармен белсенділік жұмыстарын шыңдау, жалпы сынып жетекшінің абыройын асқақтату болып табылады.
Сайыс төрт бағыттан тұрды.
1.«Мен сынып жетекші». Бұл бағытта сынып жетекшілердің өмірге көзқарастары, педагогикалық кредо. Қатысушылар коммуникативтік мәдениет, ораторлық өнер тәсілдерін, суырыпсалмалық қабілеттерін көрсете алды.
2.«Сынып жетекші портфолиосы» - бағытында қатысушылар тәрбие жұмысы бағыттарын сыныпты тәрбиелеуде жүзеге асыру міндеттері, педагогикалық технологиялар, жеке тұлғаны тәрбиелеуде жас ерекшелігіне сай шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу әдіс-тәсілдерін көрсетті.
3. «Сынып жетекші видеопрезентациясы» бағытында Шығыс Қазақстан педагогтары оқушылармен жұмыс істеудегі шығармашылық жетістіктерін, жалпы тәрбие жұмыстарындағы жеке өз тәжірибелерін ортаға салды.
4.«Біздің өміріміздегі құндылықтар» – бағытында әр қатысушының ата-аналармен тығыз байланысты орнату, өзінің әкелермен аналар және балалар арасында өзін – өзі ұстау деңгейі өткізілген ойындар, тренинг, аудиторияны баурап алу, жаңа әдістерді қолдану шеберліктері байқалды.
Сайыстың қорытындысында екі бағыт бойынша Семей қаласының педагогтары үздік болып, «Үздік сынып жетекші портфолиосы» - бағытында «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің ұстазы Хасенова Индира Кошкенгалиевна 1 орын, ал «Үздік сынып жетекші видеопрезентациясы» бағытында «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің ұстазы Мусабалинова Раушан Испроиловна 2 орынды жеңіп алды.

 

Білім бөлімі