Қалалық семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
14-05-2018 12:13
Қалалық семинар

«Жаңартылған білім беру - озық технологиялардың қыр-сырларын білуге жетелеу» атты қалалық семинар өтті. Мақсаты: Білім беру және тәрбиелеу үдерісінде ұстаздар әріптестігін қамтамасыз ету. Оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Оспанова «Жаңартылған білім – нәтижеге бағытталған білім» атты баяндамасында осы бағытта магнитті мектептердің өзара тәжірибе алмасу, туындаған мәселелерді біріге шешу жолдарына тоқталды. «Белсенді оқыту әдістері» атты баяндамада оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Курмашева білім үрдісінің жүйелі құрылуына жаңа технологиялардың ықпалын қарастырды. Ұстаздар тәжірибемен бөлісті.
Сабақтар галереясы келесі бағыттарды қамтыды: ЖБМ –жаңашылдыққа бастама; БжС - табысты оқуға бағыттау; Bilim land - ақпараттық коммуникацияны дамыту жолы; Үштілділік –жарқын болашақ негізі.
Сабақтан тыс іс - шаралардан көріністе интеллектуалды ойын «Умники и умницы», «Робототехника – қазіргі заман талабы», «Табысты оқу» жобасының жұмысы, Өзін- өзі тану «Адам және отбасы», «Оқушылардың ғылыми бірлестігінің жұмысы» атты алаңдарда тәжірибе алмасты.
«Ерекше балалар» әлемінде атты мектепішілік сайыстың жеңімпаздары өнерлерін көрсетті.
№16 мектептің жетекшілігімен, №№47, 36, 8, 44, ауыл мектептерінен біріккен шығармашылық топ жылдық жұмысты қорытындылауға мүмкіндік алды.

Білім бөлімі