Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Орталықтағы оқу жылына қорытынды
Орталықтағы оқу жылына қорытынды
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
31-05-2018 16:46
Орталықтағы оқу жылына қорытынды

 Семей қаласының балалар биологиялық орталығы 800 астам балалардың экологиялық – биологиялық бағыттары бойынша үйірме сабақтарын аяқтағанын қорытындылады. Оқу жылы бойы тәрбиеленушілер қайталанбас тірі табиғат әлеміне енді. Әрбір сабақтар тірі табиғат құбылысы мен нысандарымен тікелей байланысты болды, мысалға: таным жорық кезінде балаларды құстарды, жәндіктерді, жануарларды бақылауға, қысты күні қар бүршігін, күзді күні сарғайған жапырақтарға, жауған жаңбырға бақылау жүргізуге, сонымен қатар тәрбиеленушілерге өсімдіктерді күтуді, олардың агротехникасын зерттеуге, жануарларды қоректендіру рационын құруға, Семей өңірі бойынша құстардың түрлерін ажырата білуге, мысалы: микроскоп, дүрбі, бинокль сияқты оптикалық құрылғылармен жұмыс жасау дағдыларын меңгерді, экологиялық және көптеген әртүрлі іс – шараларға қатысу арқылы өсімдіктер мен жануарларға, құстарға қамқорлықпен қарауға үйренді.
Биологиялық ғылыммен айналысқан көптеген балалар, бір жылдың ішінде әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысып отырды, сонымен қатар соңғы қоңырау салтанатты жиынында облыстық, республикалық, халықаралық байқауларында жеңімпаз болып жүлдегер атанған қатысушыларды мадақтамалар мен ленталармен марапаттады, 15 тәрбиеленуші Семей қаласының білім бөлімінен «2018 жылдың халықаралық және республикалық байқау жеңімпазы» атты ленталармен марапатталды, ал 128 тәрбиеленуші қосымша білім беру бағдарламасы курсын толық меңгерді деген сертификаттармен марапатталды. Жылдың қорытындысы бойынша үйірмелер арасында «Гүлдендіру және фитодизайн» үйірмесінің жетекшісі И.И.Зайкина ең үздік атанып, үйірме арасында 2 орынды «Зоология» үйірмесінің жетекшісі А.М.Жағыпарова, ал 3 орынды «Табиғат және біз» үйірмесінің жетекшісі Б.Ж.Кадирова иеленді.
Жылдың аяқталғаны енді ғана еді, міне 4 маусымнан бастап биологиялық орталық 600 астам балаларға жазғы экологиялық лагеріне есігін айқара ашып, ұлдар мен қыздарды қарсы алады. Бес ауысым аралығында, оқушыларды біздің өңіріміздің табиғатына, өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі қызыққа толы саяхаты, тірі мүйістің мекендеушілерімен қарым-қатынасы, олардың биологиясын оқып білуге, таза ауада жүргізілетін ойындар мен тренингтер және т.б қызыққа толы таным жорықтар күтуде. Ал орталықтың жас натуралистері үшін туған өлкеміздегі қала сыртындағы аймақтың табиғи кешенін зерттеу бойынша кезекті ғылыми зерттеу экспедияциясы ұйымдастырылады.

Білім бөлімі