Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Мұғалімдерге арналған роботты техника курстары
Мұғалімдерге арналған роботты техника курстары
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
01-06-2018 16:30
Мұғалімдерге арналған роботты техника курстары

2018 жылғы 31 мамырдан бастап 2 маусымға дейін «Менің мектебім» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Мәскеу қаласынан LEGO Education Russia&CIS компаниясының интерактивті жабдық өндірушілерінің шақырылуымен роботты техниканың 140 мұғалімдеріне курстық дайындық өткізілуде.
Курс шеңберінде мұғалімдер Lego Mindstorms Education EV3, Arduino Uno R3 сияқты роботты техникалық өзекті және перспективалы жиынтықтарды пайдалана отырып STEM-ғылым дағдыларын игеретін болады.
Оқыту роботты техникалық жобаларды үлгілеу, бағдарламалау, құрастыру бағыттары бойынша жүргізіледі.
Курстан өткен мұғалімдерге халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

Білім бөлімі