Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Салауатты әдеттер марафоны»
«Салауатты әдеттер марафоны»
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
25-06-2018 11:12
«Салауатты әдеттер марафоны»

№№ 17, 1 ЖОББМ және №6 гимназияның мектеп жанындағы лагерьлерінің оқушылары Семей қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығымен бірге ұйымдастырылған «Салауатты әдеттер марафоны» ұранымен конкурстық іс-шараларға белсене қатысты. Аталмыш іс-шара Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орайластырылды. Есірткі бизнесімен күрес бөлімінің, наркологиялық диспансердің, ЖІІББ, СӨСҚ орталығы, білім бөлімі өкілдері шақырылды.
СӨСҚ Орталығының қызметкерлері балаларды әлем және республика бойынша есірткілік заттарды қолданудан болған аурулар статистикасымен таныстырды. Балаларды салауатты өмір салтына, бейәлеуметтік қызметке тартудан белсенді психологиялық қорғау, психотроптық белсенді заттарды «байқап көру» және қабылдаудан бас тарту біліктері мен дағдыларына шақырды.
Шараның екінші жартысында мектеп жанындағы лагерьлердің арасында конкурстық бағдарлама өтті. Командалардың сәлемдесуінен кейін балалар «Есірткісіз қала тақырыбында асфальтта сурет салып, викторина сұрақтарына жауап беріп және «Бас тарту» ролигін-көрінісін көрсетті.
Шақырылған қонақтар арасынан сайланған құзыретті, білікті әділ қазылар жеңімпаздарды анықтады: 1 орын - №17 ЖОББМ, лагерь басшысы А.Жетпісбаеваның басшылығымен, 2 орын - №6 гимназия, Т. Гробовикованың басшылығымен, 3 орын - №1 ЖОББМ, Е. Шаповалованың басшылығымен аталмыш жүлделі орындарды иеленді.
Бұндай іс-шара - денсаулықты сақтау және нығайту, психотроптық заттардан бас тартуды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік сипаты бар шаралар болып табылады.

 

Білім бөлімі