Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық іс-тәжірибелік семинар
Республикалық іс-тәжірибелік семинар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
03-07-2018 09:48
Республикалық іс-тәжірибелік семинар

Жеке меншік білім беру ұйымдарының Республикалық Қауымдастығы және «Yu kids Island» «Zhuldiz-Аrdak» балабақшасының бірлескен жоспарына сәйкес, жеке меншік балабақшалардың басшыларына, әдіскерлеріне арналған «Балабақшада жобалау іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында Республикалық іс-тәжірибелік семинар өткізілді.
Семинар жұмысына Алматы, Өскемен, Курчатов, ШҚО аудан орталықтарынан жеке меншік мектепке дейінгі білім саласының өкілдері қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты: «Zhuldiz-Аrdak» балабақшасының іс-тәжірибесімен бөлісу, әдістемелік жұмыстарын қорыту, тарату.
Семинар бағдарламасына сәйкес қонақтар мен қатысушылар балабақша ұжымының іс-тәжірибесімен танысып, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысты. «Рухани жаңғыру» жобасының аясында республикалық семинар жұмысында «Қазына» атты этнопедагогикалық ауылының салтанатты ашылуы болды. Балабақша аумағында орнатылған, ішкі жабдықтарымен, ойындармен, қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен жабдықталған тәрбиеленушілерге, қонақтар мен ата-аналарға арналған "Ата-баба Мұрасы" жобасында аппақ киіз үй есігін айқара ашты.
Салтанатты лентаны қию рәсімін Р.Ш. Садыкова, Алматы қаласының жеке меншік білім беру ұйымдар Республикалық Қауымдастығының Төрағасы, және Н.А. Фесенко, Семей қаласы білім бөлімінің басшысы өткізді. Қонақтар жобаның маңыздылығын, өскелең ұрпаққа туған жеріне қызығушылық пен құрмет қалыптастыруға, салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне ықпал етеді, деп атап өтті.
"Шығармашылық жобалардың Галереясында" қатысушыларға мынадай жобалар көрсетілді:
-"Ұлы қасиет ата-баба» жыл жобасы - "Рухани Жаңғыру", әдіскер Айтказина М.;
-"Ғажайып кофе" апталық жобасы, бейнелеу өнерінің оқытушысы Толеубекова Ж. С.;
-"Мамандықтар" күндік жобасы, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Токтарова Б. К.;
-"Құм өмірінің құпиясы" жеке жобасы, педагог-психолог Луценко Н.А.;
-ситуациялық жобасы, тәрбиеші Қалдыбаева Н.Ж.
Қатысушыларға "Инновациялық процессті басқару" әдістемелік құрал ұсынылып, таныстырылды. Авторлары: Смагулова Б. С., Арынова Р. А., Шепило Т. М. басты үш бөлімнен тұратын: "Кеше", "Бүгін", "Ертең"атты бөлім мазмұндарын ашты.
"Кеше" бөлімінде қатысушылар балабақша ашылған күннен бастап (2007 ж.) бейнематериалды көрді, "Бүгін" бөлімінде: "Биоэнергопластика", "Су-джок терапия", "Құм терапия", "Логоритмика", "Куыршақтерапия", "Музыкатерапия", "Мнемотехника", "Тыныс алу жаттығулары", ЖИПТО, "Жобалау әдісі" қолданылатын инновациялық технологияларын көрсетті. "Ертең" бөлімінде балабақшаның 5 жыл (2015-2020) бойынша "Дені саудың – жаны сау" атты әдістемелік мәселесінің даму перспективасы сипатталған.
Барлық қонақтарға "Ертегі қонағында" жобасын дайындаған музыка оқытушысы Миркурбанова О. Б. және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұхамадиев Ғ. О., сондай-ақ, балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Таланттар жұлдыздары» концерті көрсетілді.
Қорытындылай келе барлық қатысушылар семинар-практикумның маңызды жұмысына, балабақшаның ұжымына алғыстарын білдіріп, жұмыстарына жоғары баға берді.
Қатысушылар мен балабақша қызметкерлері Қауымдастықтың сертификаттарымен марапатталды.
 

Білім бөлімі