Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық «Киелі Қазақстан» акциясы
Республикалық «Киелі Қазақстан» акциясы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-07-2018 18:46

Қазақстан тарихында сүйікті қаламыз Семейдің орны орасан зор. Көптеген көркем шерірелі тарихқа толы жерлері бар ең көне қалалардың бірі. Ертіс өзенінің қақ ортасын бөліп жатқан біздің әсем қаламызға Алматы қаласының 50 оқушысы саяхатқа келді. Саяхат барысында  балалар Семей қаласының ең көрнекті мақтанышы аспалы көпірді тамашалап, суретке түсті. Қаланың түпкі тамырын бойлаған Ямышев қақпасына да барып, тарихи ескерткіш-жәдігерді көздерімен көрді.

Сондай-ақ қазағымызды Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мемориялды мұражайына барып, дара жазушы философ мекендеген дәуірге көз жүгіртті. Балалар сол кездегі Абай қолданған қазақтың тарихи дүниелерден және мұрағаттардан көп мағлұмұттар алды. Абайдың тамаша ескерткішін көрген жас саяхатшылар, ақынның бойынан керемет даналықпен парасаттылықты сезгендерін айтты. 

 Сонымен қатар балаларға қаламыздың көркем шежірелі тарихына жетелейтін жазушы Ф.М. Достоевскийдің мұражайы қызығушылықтарын арттырды. Өте зор қуанышпен балалар биологиялық орталықта демалды. Ондағы 50-ге жуық жануарлар түрлері олардың тек Семей өңірі емес Қазақстан, басқа да қиыр шеттегі жерлер тіршілігінің куәсіндей болды.

Экскурсия мүшелері «Түймедақ» аралындағы «Өлімнен де күшті» атты Семей полигонына арналған баласын әлпештеп орасан зор жарылыстан қорғаған ананың тұлғасы жүректерін елжіретті. 

Алматыдан келген жас саяхатшыларымыз қаламыздың тарихи көркем жерлерінен тамаша ерекше әсер алғандарын жасырмады.