Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қазақстанның ядролық физика жүрегі – Курчатов қаласы!
Қазақстанның ядролық физика жүрегі – Курчатов қаласы!
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-07-2018 18:55
Қазақстанның ядролық физика жүрегі –  Курчатов қаласы!

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылдың 13 шілдесінде Семей қаласы мектептерінің 18 оқушысы  Қазақстанның ядролық физика жүрегі –  Курчатов қаласына барып қайтты.

Курчатов қаласының құрылғанына 70 жылға жуық уақыт болса да, оның тарихы ядролық қаруды сынау базасының құрылуымен тығыз байланысты. Курчатов қаласы Кеңестер Одағы кезіндегі алғашқы атом бомбасы және термоядролық бомба сыналған тәжірибелі даладан 45 шақырым жерде орналасқан.

Аталған қалаға балалар үшін өте қызықты танымдық - экскурсиялық бағдарламалық сапар ұйымдастырылып, Семей ядролық полигонының  радиациялық қауіпсіздік және экология  Институтының мұражайы, «Ядролық технология саябағы» АҚ-нің, қалалық мәдениет үйінің сынақ полигоны және қаланың тарихын мазмұндаған деректі фильм көрсетілімі ұсынылды.

Балалар  «Әлем балалары атомдық бомбаға қарсы!» интелектуалдық ойынына зор қызығушылықпен қатысып, экскурсия барысында алған білімдерін шыңдады. Сапар өте қызықты және әсерлі болды.