«Былғары доп – 2018»
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-07-2018 19:01
«Былғары доп – 2018»

     Біздің қаламызда 18 –ші рет аула клубтарының  командалары арасында қала әкімінің жүлдесіне «Былғары доп» аймақтық футбол турнирі басталды.

     Биылғы жылы сайысқа 8-ден 16 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздардан 35 команда қатысады. Барлығы 1500-ден астам мектеп жасындағы жасөспірімдер қатыса алады. Турнирге қалалық аула командаларынан басқа, Бесқарағай, Жарма аудандарынан және Озерка ауылының футбол жасақтары да қатысады.

     Шілде айы бойы ойындар топқа бөлініп, Шәкәрім университетінің футбол алаңында , ал тамыздан бастап қатардан шығатын шешуші ойындар, «Цементшілер» стадионында өтеді. Қорытынды ойындар қыркүйек айында «Спартак» орталық стадионында өткізіледі.

     Дәстүр бойынша осы турнирді ұйымдастырушы және қатысушыларды ең көп қамтыған Семей қаласының мектептен тыс ұйымы - «Аула клубтарының қауымдастығы» болып табылады.