Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » XІХ республикалық Абай оқуларының қорытындысы
XІХ республикалық Абай оқуларының қорытындысы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-09-2018 10:03
XІХ    республикалық Абай оқуларының  қорытындысы

 Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында  Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының   оқушылары арасында   XІХ   республикалық Абай оқулары өткізілді.  

Шараны ұйымдастырушылар:  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО  қосымша білім беру және дене шынықтыру орталығы, Семей қаласы мен Абай ауданының білім бөлімдері. 

Абай оқуларының  мақсаты: оқушыларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін,өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

 Республикалық  Абай оқулары 4  бөлім бойынша өткізілді:Республикалық Абай  оқуларына әр облыстан, республикалық мектеп-интернаттардан бірінші орын алғаноқушылар, Астана, Алматы қалаларының Абай  оқуларының жеңімпаздары  және  Семей қаласының  атынан    команда  қатысты. 

Абай оқуларына Семей қаласынан  қатысқан оқушылар жүлделі орындарға ие болды. 

- Баекенова Дильназ Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын  көпбейінді гимназияның 11 - сынып   оқушысы «Жүйріктен жүйрік озар     жарысқанда» номинациясы бойынша   ІІ орын;

- Ниязбекова Балауса  -   № 23 орта  мектептің 10- сынып оқушысы «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІІ орынды иеленді;

Білім бөлімі жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды.