Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі
Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-09-2018 17:42
Білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі

Семей қаласының  экономикалық лицей базасында қала әкімі Е.Б.Сәлімовтің,  мәслихат хатшысы Б.Т. Ақжаловтың, ШҚО білім басқармасының басшысы С.А. Жумадилованың және білім саласының еңбек ардагерлерінің, МЕҰ (мемлекеттік емес ұйым) өкілдері мен БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өткізілді.  Барлығы 600-ден артық адам қатысты.

Конференция «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капиталтақырыбында өткізілді.

Конференция қонақтары мен қатысушылары  «Мектептегі Dress cоde» дефилесі, бейнелеу өнері көрмесі, роботты техника көрмелерінде және «Білім беру» мұражайының ашылуында болды.

Семей қаласының білім бөлімі басшысы Н.А. Фесенконың  «2017-2018 оқу жылының қорытындысы және 2018-2019 оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттер», Білім басқармасының басшысы С.А. Жумадилованың «ШҚО білім беру саласының даму перспективалары», қала әкімі Е.Б. Салимовтың «Семей қаласы білім беру жүйесінің  2018-2019 оқу  жылына қойылатын  міндеттері» тақырыптарындағы баяндамалары мазмұнды да мағыналы болды.

2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша қаланың үздік мекемелері болған мектептер бойынша - Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, бала бақшалар бойынша: № 8 «Балбөбек» ясли-бақшасына, қосымша білім беру мекемелері ішінен: биологиялық орталыққа ауыспалы «Білім мен даналық символы» берілді.

Педагогтарға ҚР БҒМ-нің, ШҚО білім басқармасының, қала әкімінің грамоталары тапсырылды.

Дәстүрлі тамыз кеңесі қала мектептері оқушыларының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.