Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық ата-аналар конференциясы
Республикалық ата-аналар конференциясы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
10-09-2018 09:21
Республикалық ата-аналар конференциясы

«Қазақстандық 21 ғасыр ата-аналары: Өз балаңа үлгі бола біл» бағдарламасы бойынша республикалық ата-аналар конференциясы

Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек көрсету, отбасы мен мектеп арасында ынтымақтастықтың мықты іргетасын қалау мақсатында Семей қаласының барлық мектептерінде бір мезгілде «Өз балаңа үлгі бола біл» тақырыбында «Қазақстандық XXI ғасыр ата-аналары» республикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияның әрбір тақырыбы:

* балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

* мектепте діни нанымы бойынша киім киюді қолдайтын ата-аналармен бүлдіргіш діни ағымдарды енгізудің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуге;

* кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алуға;

* отбасылық құндылықтарды танымалды қылуға, ілгерілетуге және нығайтуға;

* білім беру мекемелерінің өскелең ұрпақ тәрбиесі сұрақтары бойынша отбасыларымен өзара әрекеттестігін жетілдіруге;

* ата-аналардың бала тәрбиесінде туындайтын ең қиын сұрақтарын ашуға бағытталған.

Тәжірибелі психологтар ата-аналарға балаларды оқытуды қолдаудың әдістері мен тәсілдері туралы айтып, баланы мектепке бейімдеу жөнінде кеңестер берді.

Конференцияда ата-аналарға өз баласына үлгі болуға, ал балаларға өмірлеріндегі ең алғашқы оқу жылының барлық қиындықтарын сәтті жеңіп шығуға көмектесетін қызықты практикалық сабақ өткізілді.

Конференцияға «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдері, білім бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ бірінші сынып оқушыларының 4500 астам ата-анасы қатысты.

Конференция соңында педагогтар ата-аналар сұрағына жауап берді.

1-інші сынып ата-аналарымен жақсы байланыс орнатылып, конференция сенімгерлік жағдайында өтті.

Осы конференция бірінші сынып оқушыларына, және олардың ата-аналарына, мектеп әкімшілігіне мектеп және отбасы арасындағы өзара қарым-қатынасты дамыту және нығайтудағы жаңа кезеңнен сәттірек өтуге өз көмегін көрсетеді деп сенеміз.