Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «ИНТЕЛЛЕКТУМ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
«ИНТЕЛЛЕКТУМ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
20-09-2018 16:46
«ИНТЕЛЛЕКТУМ» СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

Семей қаласы Шәкәрім атындағы үш тілде  оқытатын көпбейінді гимназияда биылғы оқу жылында зейін және ақыл ойды дамытуға арналған «Интеллектум»  сыныбы ашылды. Бұл сынып креативті ойлауға, анализ жасауға, математикалық дағдыларды дамытуға, визуалды қабылдауға, жан-жақты ойлауға негізделген. Мақсаты – ойлау, көрнекі ойлау, яғни стратегиялық ойындар арқылы оқушының жаңаша ойлауын арттыру. «Интеллектум» оқушының өзіне  деген сенімін арттырып, ашық та зерек болып өсуіне  ықпал етеді. Ойындарды ойнатуды дағдыландыруда қолданылатын негізгі қабілеттеріміз:  мұқияттылық, байқағыштық, психомоторика, ойлау қабілеттері, стратегия, математикалық қабылдау, аналитикалық ойлау және жасампаздық пен шығармашылық. Жалпы бұл ойындардың саны 34, қазіргі уақытта гимназияда 16 ойын түрі қолданылады. Солардың ішінде: «Қазақ хандығы», «Мангала», «Рэверси», «Тангармлар», «Экюлибрио», «Метаформс» ойындары бар. Бұл ойындар баланың логикалық, шығармашылық қабілеттерін дамытады, оқи алу, түсіну, жаңа ойын құрастыру, өзіндік шешім қабылдауға, байланыс құру мен анализ жасау сияқты қарапайым өмір сүру қабілеттерін жетілдіреді.