Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Транспарентті және есепті мемлекет» бейнеролик сайысы
«Транспарентті және есепті мемлекет» бейнеролик сайысы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
01-10-2018 14:29
 «Транспарентті және есепті мемлекет» бейнеролик сайысы

Мектептік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында мектептерде «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының отырысы өтті.  Мектеп клубының жетекшісі өткен оқу жылының қорытындысымен таныстырды.  Клуб мүшелерінің тізімі бекітіліп, жылдық жұмыс жоспары құрылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені іске асыру іс-шаралары сынып сағаттары, ашық сағаттар, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып сауалнама, әңгіме, конкурс  өткізу түрінде жоспарланды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің тапсырысы бойынша ШҚО анализ және болжау Институтының Жоспары мен хатының негізінде жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында «Транспарентті және есепті мемлекет» тақырыбында ең үздік бейнеролик конкурсы өтті. Мектептердің үздік жұмысы іріктелгеннен кейін, №27 және №36 мектеп балаларының үздік бейнероликтері облыстық кезеңге жолданды.

Конкурс қорытындысы бойынша № 27 ЖОББМ 11 сынып оқушылары Ж.К.Байгалиеваның,  Д.Е.Шәріпханның, Ж.Т.Адырбекованың жетекшілігімен 3 орынды иеленсе, Б.У. Ахметованың жетекшілігімен № 36 ЖОББМ 11 сынып оқушысы Аяжан Ардаққызы белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.