Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық «Үздік мектеп мұражайы» конкурсы
Республикалық «Үздік мектеп мұражайы» конкурсы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-10-2018 11:45
Республикалық «Үздік мектеп мұражайы» конкурсы

Мұражайлық - білім беру ортасын өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, оларды шығармашылық және рухани дамыту үшін қолдану, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың қазан айының 3 жұлдызында «Үздік мектеп мұражайы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

  Алтынгүль Айтқазықызы Айтказинаның басшылығымен «№16 Аманов атындағы ЖОББМ» КММ 11 сынып оқушысы Саян Советхан «Тарихи мұражайлар» аталымында әділ қазылар алқасына мектеп мұражайының жұмысын ұсынды.

  Мұражай жұмысында мектеп тарихы, мұражай экспозицияларының құрылымы, мұражайдың ғылыми-зерттеушілік қызметі, қорды толықтыру, оқу-тәрбие үдерісінде мұражай материалдарын, сондай-ақ мұражай қызметінде инновациялық нысандарды қолдану көрсетілген. Мұражайдың бүкіл жұмысы БАҚ жарияланады.

«№16 Аманов атындағы ЖОББМ» КММ мұражайы 1 орын иеленгені үшін алғыс хатымен, қатысушылар дипломдармен марапатталды.