Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны
«Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
02-11-2018 17:46
«Адал жол – Честный путь»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты бағыттарының бірі –  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.

2018 жылғы 23 қазаннан бастап «Адал жол – Честный путь»  сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны басталды, оның мақсаты  өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтың барлық түрлеріне «төзімсіздік» принципі, құқықтық сауаттылықты және белсенді азаматтық ұстанымды арттыру.

Марафон шеңберіндегі іс-шаралар әртүрлі (конкурстар, семинарлар, дебаттар, КТК, флеш-мобтар, дәрістер, кездесулер) сипатында өткізілді.

Марафонға мектеп оқушылары, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілері, сондай-ақ педагогикалық ұжымдар қатысты. Барлық іс-шараларға «Адал ұрпақ» мектеп клубы мүшелерінің белсене қатысқандығын атап өткен жөн.

24 қазанда барлық бастауыш мектептерде сынып белсенділерінің сайлауы өтті. Оқушылар сынып старостасын сайлады. № 1, 37, 32, 26, Шүлбі ЖОББМ оқушылары барлық ойын кезеңдері бойынша белсенді жұмыс істеп, өз ойлары мен пікірлерін білдірді. 25 қазан күні сынып жетекшілері орта буын оқушылары үшін беделді тұлғалармен, мемлекеттік қызметшілермен кездесу ұйымдастырды. Шәкәрім атындағы гимназияда, № 12, 49, 16 ЖОББМ сыбайлас жемқорлық тудырушы факторларды және сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша практикалық шараларды түсіндірумен дөңгелек үстел өткізілді. 29 қазанда № 18, 23, 25 ЖОББМ жоғары буын оқушылары «Адал жол» дебатына қатысып, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес тәсілдерін талқылап, сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша сұрақ-жауаптарға жауап беріп, пара ұсыну немесе пара бопсалау деректерін талдап, сыбайлас жемқорлық жағдайларын сахналады.

Марафон жоспарына сәйкес педагогикалық ұжым үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің, «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық ұғымының өзіне, шығуына, субъектілері мен түрлеріне түсінік беріліп, сонымен қатар, біздің еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күрес тұжырымдамасы сұрақтары қозғалды.

30 қазанда барлық білім беру мекемелерінде бір мезгілде «Біздің таңдауымыз – құқықтық мемлекет» флеш-мобы өтті, бұнымен оқушылар қоғамды жайлаған сыбайлас жемқорлыққа деген өз наразылықтарын көрсетті. № 7, 15, 22, 39, 40 ЖОББМ оқушылары флеш-мобқа қатыса отырып, сыбайлас жемқорлық пен пара – бұл бірлескен күшпен және тұрақты күреспен ғана жеңе алатын жағымсыз құбылыс екенін көрсетті.

Жастардың назарын сыбайлас жемқорлық мәселесі мен қазіргі қоғамда онымен күресуге  аудара отырып, № 15, 25, 29, 36, 48 ЖОББМ, Шәкәрім атындағы гимназия, Жарқын ЖОББМ оқушылары «Адал жол» суреттер сайысына қатысты. Барлық қатысушылар грамоталармен марапатталды.

26 қазаннан 2 қарашаға дейін мектепке дейінгі мекемелер балалармен бірге «Заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін мамандықтар» сюжеттік-рөлдік ойынын ұйымдастырды.

Марафон бойы «Сыбайлас жемқорлыққа - Жоқ дейміз!» кітапхана көрмесі жұмыс істеп, оны оқушылар, педагогтер, ата-аналар қауымдастығы тамашалады.

Ата-аналар сынып сағаттарына белсене қатысып, онда ата-аналарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық  стенд мазмұны, сенім телефоны туралы ескертілді.

Мектептерде «Парасатты азамат» бұрышы үнемі жаңартылып отырады.

Оқушылар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жұмыстары әрі қарай жалғастырылатын болады.