Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қалалық «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайыс
Қалалық «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайыс
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-11-2018 10:21
Қалалық «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты сайыс

Күз -  тамаша кезең. Күздің алғашқы күнінде жаңа оқу жылы басталып, жаңа пәндер оқытылып, жаңа белестерге ұмтылыс басталатын уақыт, күз – құнарлы кез, сол себептен «алтын кезең» деп аталады. Осы кезеңде қаланың барлық мектептерінде күзгі балдар басталады. Мектеп күзгі балының жеңімпаздары арасында өткен «Күз ханзадасы мен ханшайымы» сайысына қаламыздың 12 мектебі қатысты, соның бірі ауыл мектебі (Талица мектебі): 7 орта буындағы жұп және 7 жоғары буындағы жұп (№4 ОМ, №13 ОМ, №30 ОМ. №31 ОМ, №36 ОМ, №3 ОМ, Талица мектебі, №18 ОМ,   №47 ОМ, № 37 гимназия,   №49 ОМ,  №34 ОМ).

Сайыс 4 кезең бойынша бағаланды: таныстыру, шығармашылық нөмір, күз тақырыбына арнайы дефиле, қатысушы жұптардың біріккен биі. Сайыстың қорытындысы бойынша орта буын санатында жеңімпаздар:

I орын-Салимбаев Эльдар, Төлегенова Қарақат ( №30 ОМ),

II  орын-Қонырова Ару, Ақылбекова Бахтияр (№36 ОМ),

III орын-Бірлікбаев Даниял, Купиева Айназ (№3 ОМ).

Жоғарғы буын жеңімпаздары: I орын-Кабдолданова Аяужан, Қайратов Нұрлыбек (№36 ОМ), II орын-Төкен Ернұр, Фархатова Ақерке (№18 ОМ),

III орын -Саматқызы Әдемі, Социалов Диас (№47 ОМ).

Қалған сайыскерлер сйылықтар мен әр түрлі номинация бойынша дипломдармен марапатталды.