Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық "Ең үздік АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы" байқауы
Республикалық "Ең үздік АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы" байқауы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
07-11-2018 11:51
Республикалық

Әскери-патриоттық тәрбие дегеніміз не? Бұл оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қағидаттарды қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру, Қарулы Күштер қатарында мінсіз қызмет атқаруға, Отанды қарулы қорғау бойынша қасиетті борышты орындау мақсатында оқушының санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, психикасына және дене бітіміне педагогикалық Ықпал етудің ұйымдастырылған және үздіксіз процесі. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне моральдық-саяси тәрбие, дене бітімі, әскери-техникалық және бастапқы әскери дайындық кіреді.Шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты педагогтарды анықтау, АӘД оқытушысының жағымды қоғамдық имиджін қалыптастыру, сондай-ақ тиімді педагогикалық технологияларды және оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін анықтауда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Семей қаласында "Ең үздік АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы"Республикалық байқауы өткізілді. Байқауға 30-ға жуық АӘД оқытушылар – ұйымдастырушылар қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша  жүлдегерлер, жас ерекшеліктеріне байланысты 20-29 жастағы АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушылар:

жүлделі I- орынды Дауренов Ермек Дауренұлы Семей қаласының гуманитарлық экономикалық колледжі

II- орынды Тлебалдин Мержан Жасұланұлы Семейлік көпсалалық колледжі

III-орынды Тақанов Тлеубек Тақанұлы Шульбі мектеп кешені

Жас ерекшеліктеріне байланысты 30-39 жастағы АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушылар:

Жүлделі I- орынды Каженов Нұржан Ақылбайұлы Шульбі ЖОББМ

II- орынды Тұрлыбеков Даурен Отанович Приречний ЖОББМ

III-орынды Қанапьянов Әділ Қадылович №16 ЖОББМ

Жас ерекшеліктеріне байланысты 40-49 жастағы АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушылар:

Жүлделі I- орынды Байбеков Шалқар Зиядоллаевич Майтөбе ЖОББМ Павлодар облысы

II- орынды Бекбосынов Қуаныш Ахметкалиевич Бұлақ ЖОББМ

III-орынды Кубелеков Серік Бақытович № 36 ЖОББМ

Жас ерекшеліктеріне байланысты 50-59 жастағы АӘД пәні оқытушы- ұйымдастырушылар:

Жүлделі I- орынды Мухамадиев Қуаныш Дүйсенович  Назарбаев зияткерлік мектебі, II- орынды Жұмашұлы Мақсұтхан  автомеханикалық колледжі, III-орынды Тиыштыкбаев Ерсін Бақдаулетович № 27 ЖОББМ

 Жүлделі орынға ие болған әскери оқытушы ұйымдастырушылар «Ең үздік АӘД оқытушы- ұйымдастырушы» төс белгісімен,сертификаттармен, бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломмен медальдармен марапатталды.Елбасымыздың жолдауын қолдап,қазіргі таңда біздің алға қойған мақсатымыз  егеменді еліміздің болашағы үшін, тәуелсіздігіміздің баянды болуына, қазақ халқын, яғни мемлекетіміздің дамушы мемлекеттер қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек ету.