Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Білім бөлімінің мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі бойынша ашық есік күні
Білім бөлімінің мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі бойынша ашық есік күні
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
14-12-2018 09:51
Білім бөлімінің мектеп оқушыларының  құқықтық тәрбиесі бойынша ашық есік күні

Құқық бұзушылық пен қылмысты ескертудің алдын алу жұмыстарындағы қажетті компоненттердің бірі жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Баланың өз құқықтары мен міндеттерін, құқық бұзушылық жағдайының салдарын білуі, өзінің адамгершілігі мен айналадағылардың сыйластығын, бейбітшілдігін, төзімділігін сезіну – құқықтық мәдениеттің негізін құрайды.  

12 желтоқсанда № 10 ЖОББМ қаланың ата-аналар қауымдастығы үшін «Білім бөлімінің мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі бойынша ашық есік күні» өтті.

 Келесі білім беру мекемелері өзінің құқықтық тәрбие бойынша тәжірибесін жеті алаңда көрсетті:

1 алаң – «Қоғам және құқықтық тәрбие»қыздар клубындағы шебер- сынып / Модератор:  № 19 ЖОББМ

2 алаң – Жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» дебаттары. /Модератор:
№ 6 Гимназия 

3 алаң – «Адал ұрпақ» клубында«Адал ұрпақ – Мәңгілік ел болашағы» сабағы, үгіт бригадасының өнер көрсетуі / Модератор:  № 16 ЖОББМ

4 алаң – «Құқықты ертегілерден үйренеміз»  1-4 сынып оқушылары үшін құқықтық тәрбие үйірмесінің жұмысы Модератор:  № 15 ЖОББМ

5 алаң – «Қоғамдық тәртіп негіздері» дискуссиялық практикумыМодератор:  № 30 ЖОББМ

6 алаң – «Қазіргі жастардың құқықтық тәрбиесі» семинар-тренингіМодератор: «Жас заңгерлер қоғамдастығы» ҚҚ.

7 алаң – «Сақшы» ЖПК отрядының қызмет іарқылы құқықтық мәдениетті қалыптастыру». Шығармашылық сабақ, «Заңгер көзқарасы» сайысы.Модератор:  № 38 ЖОББМЛ.

Алаңдар жұмысын 160 ата-ана көрді.

Алаңдар жұмысы аяқталғаннан кейін ата-аналардың білім бөлімінің басшысы Н. А. Фесенкомен кездесуі өтті, онда қазіргі қоғамда мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесінің маңызы зор екендігі аталып өтті.  Мектептерде тұрақты құқықтық сабақтардың өткізілуі балалардың құқықтық сана-сезімінің өсуі мен жасөспірімдер қылмыстылығының деңгейін төмендетуге септігін тигізетіні сөзсіз.