Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Біздің күшіміз –бірлікте!
Біздің күшіміз –бірлікте!
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
25-01-2019 18:25
Біздің күшіміз –бірлікте!

14 қараша күні  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялады.

2019 жылғы 23 қаңтарда мектеп оқушылары, педагогикалық ұжымдар Мемлекет басшысының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» жастар Жылының салтанатты ашылу рәсімінің тікелей эфиріне қатысты.

Әртүрлі салаларда белгілі бір табыстарға жеткен жастар өз жетістіктері мен жобалары туралы айтып берді. Осының бәрі біздің мектеп оқушыларына үлгі болды.

Президенттің «Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты». Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр», – деген сөздері мектептердің 10-11 сынып оқушыларына, жас отаншыларға ерекше жігер беріп, олар спорттық, ғылыми іс-шараларға, көрмелер мен акцияларға, конкурстарға белсене қатысу шешімін қабылдады