Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «МҰТЫЛҒАННЫҢ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«МҰТЫЛҒАННЫҢ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
31-01-2019 14:51
«МҰТЫЛҒАННЫҢ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында қазақ әдебиетіндегі аса көрнекті ақын, ғұлама ойшыл, қоғам қайраткері Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Мұтылғанның тағдыры» атты білім сайысы өтті.

Сайыстың басты мақсаты – Абайдың ақын шәкірті, жазушы, тарихшы, озық аудармашы, философ, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірін, оның мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.
Сайыс үш бөлімнен тұрды: І. Үй тапсырмасы. Шәкәрім өмірі мен шығармашылығы жайында өнер (көрініс, ән, хор, т.б.) көрсету.

ІІ. Сұрақтарға жауап беру.

ІІІ.Шәкәрім өлеңдерін жатқа оқу.
Сайыс қорытындысы бойынша  І орынды Жарқын орта мектебінің   оқушысы  Мотышева Еркежан иеленді;

ІІ орын: Файзуллаев Ернат Знаменка  орта мектебі, ІІІ  орынды иеленгендер: Амангелді Назым №49 орта мектебі, сондай –ақ өнерімен көзге түскен № 23 мектеп оқушылары «Көрермен көзайымы»  арнайы жүлдемен марапатталды. Жүлделі орын алған оқушыларға бағалы сыйлықтар табысталып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.