МҰЗ АЙДЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
13-02-2019 10:20
МҰЗ АЙДЫНДАҒЫ ДЕМАЛЫС
Семей қаласының білім бөлімі ата-аналар, балалар мен                                 педагогтар арасында салауатты өмір салтын танымал ету аясында «Барлығымыз мұз айдынына, барлығымыз сырғанаққа» ұранымен «Дені сау балалар – Қазақстанның болашағы» акциясын ұйымдастырды.  Балалар ата-аналарымен бірге «Ертіс» (бұрынғы «Пищевик» стадионы) мұз айдынына барды. 
Кейбір балалар сырғанауды енді ғана үйреніп, сенімсіз қадамдар жасап жүрсе, кейбірі өз шеберліктерін көрсетіп жүр. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы педагогтары (2 корпус) ұйымдастырған «Дені саудың-тәні сау» флешмобы, балалардың, ата-аналардың арасындағы жарыстар жедел респираторлық вирустық жұқпа ауруларының алдын алу, сондай-ақ жастарды спорт пен салауатты өмір салтына тарту мақсатында өтті. 
Ата-аналардың пікірінше: «Әрбір адам бойында салауатты өмір сүруге ұмтылуды дамыту қажет. Осы міндеттің шешілуіне бүкіл қоғамды жұмылдыру керек.  Бұнымен қоса, үнемі медициналық көмек сапасы мен оған қол жетімділікті арттырып, ересектер мен мектеп оқушыларының назарын аурулардың алдын алу мәселесіне аудару. Дәл осындай іс-шаралар балалардың дене дамуын арттырып және суық тиіп ауырудың алдын алады».
Барлық қатысушылар қаншама жағымды эмоцияларға ие болды! Біз келешекте конькимен сырғанауды ұнатушылар қатары көбейеді деп ойлаймыз!