Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Робототехника, бағдарламалау, 3 D моделдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі
Робототехника, бағдарламалау, 3 D моделдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
28-02-2019 10:25
Робототехника, бағдарламалау, 3 D моделдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі

2019 жылғы 20, 21 ақпанында Семей қаласының «балалар мен жастар шығармашылығы сарайында» робототехника, бағдарламалау, 3 D модельдеу бойынша облыстық чемпионаттың қалалық кезеңі өтті. Чемпионатқа 320 оқушы қатысты. Чемпионат Цифрлы Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

Чемпионаттың өткізілу мақсаты:

  • Облыс мектептері оқушыларының шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін жандандыру және дамыту үшін жағдай жасау;
  • Қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларды одан әрі дамыту үшін жағдай жасау;
  • Білім алушыларда нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
  • Жоғары технологиялық өндіріс, инновация және инженерлік әзірлемелер саласында оқушылардың мүдделерін ынталандыру

 

Чемпионаттың жеңімпаздары болып келесі оқушылар атанды:

Робототехника

Сумо 10 +  «ЖОББ№33»КММ  Молдаханов Чингизхан

Желі бойынша жарыс10 +  «ЖОББ №22»КММ  Дюсенов Айдос

Сумо 14 +  «ЖОББ №15» КММ Серікқан Темірлан

Кегельринг 14 +   «ЖОББ№22» КММ Асқарбек Мирас

3D модельдеу

10+  «ЖОББ №1»КММ Дядов Кирилл

10+  «ЖОББ №26» КММАбжанов Мадияр

14+«№6гимназия»КММ  Алексеев-Соловьев Лев

14+Пригород ЖОББ  Кабыкенов Ельдар

Бағдарламалау

10 +   «№6гимназия»КММ  Иванов Максим

10+   «№6гимназия»КММ  Ахметов Таирлан

14 +  «Экономикалық лицей»КММ Берестов Максим

14 +  «ЖОББ №1»КММ Морозов Родион

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және облыстық чемпионатта сәттілік тілейміз!