Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «Аула футболы лигасының» аяқталуы
«Аула футболы лигасының» аяқталуы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
17-04-2019 14:43
«Аула футболы лигасының» аяқталуы

Экономикалық лицейде сәуірдің 14-і күні Бірінші қалалық турнир «Аула футболының лигасы» аяқталды, оған 49 аула командалары және қаланың,қала маңындағы ауылдардың жалпы білім беретін мектептердің құрама командалары біріктірілді. Турнир Қазақстан Республикасы Мәслихатының 25 – жылдығына арналды.  Жарысқа жастары  9 –дан 12-ге дейінгі аралықтағы барлығы 650- ге жуық жас футболшылар қатысты. 

Турнирдің қорытындысы бойынша 2009 жылғы балалар арасынан 3-ші орынды «Квадрат»аула клубы, ал 2-ші орынды № 3 орта мектеп иеленді. Жас ерекшеліктеріне сай осы топта «Кристалл» аула клубы жеңімпаз болды (№ 11 орта мектеп, ұйымдастырушы – педагог Г.А.Глущенко).

2008 жылғы балалар арасынан 3-ші орынды тағы да «Кристалл» аула клубы жеңіп алса, ал 2-ші орын № 3 орта мектепке тиесілі болды. Бірінші орынды «Ертіс» аула клубы ұтты (ұйымдастырушы – педагог К.Н.Жүрсінова).

2007 жылғы ересектер тобынан қола медальді №23 орта мектеп жеңсе, екінші орынды  «Кристалл» аула клубы иеленді. «Жемчужина» аула клубы чемпион атанды (ұйымдастырушы – педагогтар А.Б.Аринова және Е.А.Карягин).  

Барлық қатысушыларды турнирдің жабылу салтанатында  қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Т.Ақжалов, қалалық мәслихаттың депутаттары, білім бөлімінің басшысы Н.А.Фесенко, «Восток- Семей» футбол мектебінің құрылтайшысы А.Е.Машимов және «Аула клубтары қауымдастығының» директоры Т.М.Мурсалимов құттықтады. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен, футбол доптарымен және дипломдармен марапатталды. Турнирдің ұйымдастырушылары атынан әрбір жарысқа қатысушы естелік сертификаттарын алды.