Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының педагогтармен кездесуі
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызының педагогтармен кездесуі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
19-04-2019 15:55
         Шәмшидинова   Күләш  Ноғатайқызының  педагогтармен кездесуі

ҚР білім және ғылым министрі Күләш Ноғатайқызы  Шәмшидинова  Шығыс Қазақстан облысы  халқымен кездесу барысындағы  іс сапарда  №5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын  көпбейінді гимназиясына, Семей қаласындағы  "№49 ЖОББ мектеп" КММ –не сондай-ақ, атаулы мектеп ішінен  ашылған   «Педогогикалық – психологиялық түзету» кабинеті сынды  Білім мекемелерінде болды.

Кездесу барысында  министр №5 Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназиясынының көп жылдық тарихына қарамастан жаңа заман талабына сай екендігін атап өтті.  Мектеп НЗМ стандарттарына сай жаңа технологиялармен  жоғары деңгейде жабдықталған.  Ұжым әңгімелесу барысында мекетеп мұғалімдерінің  өз кәсіби қызметтері мен іс-әрекеттеріне  ризашылығын  байқады. Сондай –ақ, Шамшидинова Куляш Ноғатайғызы «Дара» қорының көмегімен 15 мил,теңгеге  2019 жылы ашылған, бүгінгі күні 400-ден  астам баланы қамтып отырған «Педогогикалық – психологиялық  түзету» кабинетіне барды. «Педогогикалық – психологиялық түзету»  кабинеттерінде әр балаға жеке жағдай жасалған. Министр өз сөзінде  мектеп ішінен  ашылған « Корекциялық кабинет  жайында  бір неше мәрте естігенмін, бүгін ойындағымды көргендей болдым»- деді бір сөзінде, Бұл оңалту және ерекше балалардын әлеуметтік бейімделуіне және ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға  кеңес, көмек  қызметін  көрсететін  бірден бір  орын деді ол.                                                                                                                        

Мектепке бару кезінде Күләш Ноғатайқызы педогогикалық ұжыммен кездесіп, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді. Ұстаздардың көкейінде жүрген сұрақтар кітапханашылар мен әдіскерлердін еңбек ақысы, критериалды  бағалау, білім беруде шет тілдердің енгізілу жүйесі туралы сұрақтар. Көбінесе педогогтар Білім және ғылым министірлігі химия, физика, биология және информатика пәндерінің оқытылуына баса назар аударуда. Осы жұмысқа  қашан кірісетіндіктерін, мектептің қашан дайын болатынын, мұғалімдердің аталған пәндерді ағылшын тілінде қашан жүргізетіндіктерін сұрайды.                                      Басқа шет тілдерінің жүргізілуі жөніндегі сұраққа министр Күләш Ноғатайқызы: Ол оқушылардың сұранысына байланысты деп»! жауап берді.

Еліміздін ұлт көшбасшысының жалақысы төмен жұмысшылардын еңбек ақысын көтеру бастамасы мұғалімдерге де қатысты. «Ең бірінші кезектегі мәселе  жалақысы төмен жұмысшылардын еңбек ақысы 30% - ға көтерілуі тұр. Қазыр ҚР  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінде есеп жүргізілуде. Дайын болғанда хабарлаймыз деп аттап өтті.

Критериалды бағалау бойынша ата-аналар тарапынан кездесетін түсінбеушілік сәттер болатыны туралы сұраққа министр Күләш Ноғатайқызы « Ол мұғалімдердің ата-аналарға түсіндіру шеберлігіне байланысты екендігін айтты»

Өз сөзінде Күләш Ноғатайқызы мектептердін жаңа бағдарламаға көшу себептеріне баса назар аударды. Бұдан ары да өзгерістер болады, жұмыс жасалынады. Себебі, біз алдымызда отырған оқушыларға олардын ата-аналары мен мемлекет алдында жауаптмыз. Бүгінгі күн бәсекеге қабілетті заман талабіна сай еңбек нарқы өзгеруде. Сондықтан  бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу өте маңызды. Ойлануды, ойын жеткізуді үйретуініз керек деді өз сөзінде Күләш Ноғатайқызы.