Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын ескерту және алдын алу
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын ескерту және алдын алу
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
26-04-2019 15:50
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын ескерту және алдын алу

2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлық профилактикасы Басқармасының  басшысы Р. Набиевтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға жол бермеу және оны сақтау сұрағы бойынша білім беру мекеме басшыларымен кездесуі өтті.

Р. Набиев атап көрсеткендей, «Шығыс – адалдық алаңы» Жобасының жаһандық міндеті – ендігі орын алған сыбайлас жемқорлық көрінісі деректерімен күресу емес, олардың пайда болуының алдын алу болып табылады. Жобаның өзі -  тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлықты жаппай қабылдамауды қалыптастыру және азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыруға бағытталған. Р. Набиев сондай-ақ білім саласындағы қылмыстық және әкімшілік сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау бойынша статистикамен таныстырды. Әкімшілік-шаруашылық шығындарды оңтайландыру және білім беру мекемелерінде мектеп бітіру кештерін өткізуге байланысты іс-шараларды көңіл көтеретін орындарда өткізуге, педагогтарға сыйлық беруге, мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сынып қорына және т.б.  негізсіз ақшалай қаражат жинауға тыйым салу сұрақтары қарастырылды. Сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жүргізіліп отырған жұмыстың маңызды қыры және мемлекеттік мекемедегі рәсімдердің жариялылығы мен ашықтығы интернет-ресурстарды, web-порталдарды, сайттарды қолдану болып табылады.

«Ашық бюджет. Ашық мектеп» пилоттық жобасына қатысу ұсынылды.

Р. Набиев жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық көзқарасын қалыптастыру үшін, оларды  құндылықты мақсаттарға тәрбиелеу және қабілеттерін дамыту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша білім беру мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және азаматтық қызметішлердің этикалық нормалары саласында келешектегі өзара тығыз әрекеттестігі жөнінде шешім қабылданды.