Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Мектеп мұражайларының облыстық фестивалі
Мектеп мұражайларының облыстық фестивалі
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
20-05-2019 10:10
Мектеп мұражайларының облыстық фестивалі
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Білім және тәрбие» кіші бағдарламасын іске асыру аясында, мектеп мұражайларының білім алушылардың отансүйгіштігі мен  еліміздің тарихи мұрасы және қазіргі кездегі жетістіктері үшін мақтаныш сезімін, туған өлке тарихына  құрметпен қарау көзқарасын  қалыптастыру бойынша үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында Өскемен қаласында мектеп мұражайларының облыстық фестивалі өтіп, оған облыстың 18 ауданы қатысты. 
№37 гимназия оқушылары мектеп мұражайының жетекшісі Г. Мухамадиеваның басшылығымен фестивальдің барлық кезеңіне белсенділікпен қатысты. Мектеп мұражайының мазмұны сапалы көрсетіліп, одан кейін үгіт бригадасы мұражай Кеңесінің жұмысы, оның мүмкіндіктерін «Бізге мұражайға келіңіздер!» атты сахналық композициямен айтып берді. Фестивальдің «Кіші отан тарихы – Қазақстанның тарихы» соңғы кезеңінде оқушылар туған өлке туралы костюмді сахналық қойылым көрсетті.
№ 37 гимназияның мектептік мұражайы «Үздік жылжымалы көрме» номинациясын алды. Қазылар алқасы мүшелерінің назарына «Өлкетану» мұражай экспозициясы ұсынылды. 
Қатысушылар бағалы сыйлықтар, жетекшілер қатысқаны үшін сертификаттар алды. 
Бұл іс-шара білім алушылардың өлкетану және зерттеушілік қызметіне қызығушылығын арттырып, мектептік мұражайлардың келешекте дамуына ықпал етеді деген сенімдеміз.