Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Қалалық мерекеге дайындық
Қалалық мерекеге дайындық
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
19-06-2019 19:02
Қалалық мерекеге дайындық

Халықтық мерекені өткізу үшін не қажет? Әрине, таза және күтілген аумақ. 19 маусымда қалалық Сабантой мерекесін өткізуге арналған аумақты дайындау жұмыстары басталды. "Бейбітшілік" аралында татар өнер мектебінің, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың, балет мектебінің балалары, осы ұйымдардың оқытушылары, ата-аналар, Ертіс татарлары мен башқұрт "ХАК" қауымдастығы, татар қоғамдық орталығының өкілдері бірігіп тату жұмыс атқарды. Біз барлығымыз мереке көңілді, қызықты болар деп; балалар мен ересектерге бұл жыл сайынғы іс-шара есте қаларлықтай өтеді деп үміттенеміз. Мереке 23 маусымға жоспарланған.