Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Семей қаласы мектеп оқушыларының «Жастар жылына» арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Х «Сәулетай» облыстық балалар спорттық жарысына қатысуы
Семей қаласы мектеп оқушыларының «Жастар жылына» арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Х «Сәулетай» облыстық балалар спорттық жарысына қатысуы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
06-11-2019 09:54
Семей  қаласы  мектеп оқушыларының «Жастар жылына» арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Х «Сәулетай» облыстық балалар спорттық жарысына қатысуы

Балаларды жаппай дене шынықтыру және спортпен  шұғылдануға тарту жолымен салауатты өмір салтын қалыптастыру, болашақ спортшыларды тәрбиелеу мақсатында 2019 жылғы 31 қазан мен 2 қараша  аралығында  Өскемен қаласында «Жастар жылына» арналған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне Х «Сәулетай» облыстық балалар спорттық жарысы өтті.

Семей қаласы мектеп оқушыларының құрама командасында 38 спортшы болды, олар спартакиаданың барлық 8 түріне қатысты, атап айтқанда: жеңіл атлетика, асық ату, армрестлинг, гір спорты, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шахмат, арқан тарту.

«Сәулетай» спорттық ойындарына қатысу қорытындысы бойынша Семей қаласының командасы  жалпы командалық 1 орын алды, оның ішінде жеңіл атлетикадан, асық атудан, армрестлингтен, гір спортынан, тоғызқұмалақтан, шахматтан алты  - 1 орын және қазақша күрес пен арқан тартудан екі – 2 орын болды. 

Семей қаласының командасы кубокпен, медальмен және грамотамен марапатталды.