Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Республикалық «Адалдық сағатын» өткізу туралы
Республикалық «Адалдық сағатын» өткізу туралы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
06-11-2019 17:42
Республикалық «Адалдық сағатын» өткізу туралы

2019 жылғы 6 қараша күні Семей қаласының білім беру мекемелерінде мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық сағаты» бірыңғай республикалық сағаты аясында іс-шаралар өткізілді.

Білім беру саласының ардагерлері – қонақтар дөңгелек үстелде
6-9 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлық деген не, оның шығу себептері қандай, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша үкімет тарапынан қандай шаралар қолданылып отырғандығы, жастар қалай онымен күресе алатындығы туралы айтып берді. Жалпы, адалдық және парасаттылық сынды құндылықтар, сыбайлас жемқорлықтың жағымсыз салдары жөнінде түсінік берді.

«Нұр Отан» партиясының Семей қаласы бойынша филиалының өкілдері  № 7,11,16 мектептерде жоғары сынып оқушылары мен педагогтері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәсілдері, сыбайлас жемқорлық әрекеттері себептерін және оларды жою жолдарын анықтау туралы сөз қозғады. Бұнымен қатар, кездесу қонақтары мектеп оқушыларының сұрақтарына толық жауап берді. Қорытындылай келе, оқушылар мен педагогтер талқыланып отырған мәселе мұндай кездесулермен шектелмей, әрбір адам кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзімсіз, адал  болуы керектігін атап өтті. «Нұр Отан» партиясының мүшесі К. К. Тастекеев № 15 балабақша ұжымымен әңгіме өткізіп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты ата-аналар жиналысы арқылы жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Мектептік іс-шаралардан кейін «Адал ұрпақ» мектеп клубының мүшелері мектеп инспекторымен бірге отырыс өткізіп және оқушылар, пеадгогтер мен ата-аналар үшін «Тоқта сыбайлас жемқорлық!» жаднамасын әзірледі. Онда сыбайлас жемқорлық – бұл еліміздің экономикалық өсуіне кедергі, және онымен күресу үшін, ең алдымен, өзіңнен бастап және айналаңдағылардан сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюды талап ету қажеттігі, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен кездескен жағдайда, қайда, қалай өтініш білдіруге болатындығы көрсетілді.

1-5 сынып оқушыларымен әңгіме өткізіліп, онда балалар пара деген не екенін біліп, жақсылық қашан да жамандықты жеңіп шығатын ертегілерді естеріне түсірді. Одан кейін балалар сурет салып, сыбайлас жемқорлық, пара туралы өз ұғымдарын көрсетуге тырысты.

7-8 қараша күндері қала мектептерінде ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда «Мектептегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс» сұрағы да қарастырылады.