Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жалпы орта білім беретін мектептердің, колледждердің АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары, Қазақстан Республикасының «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының офицер-тәрбиешілері арасында «Үздік алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушы– 2019» республикалық
Жалпы орта білім беретін мектептердің, колледждердің АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары, Қазақстан Республикасының «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының офицер-тәрбиешілері арасында «Үздік алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушы– 2019» республикалық
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
06-11-2019 17:57
Жалпы орта білім беретін мектептердің, колледждердің АӘД оқытушы-ұйымдастырушылары, Қазақстан Республикасының «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныптарының офицер-тәрбиешілері арасында «Үздік алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушы– 2019» республикалық

Салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту, шығармашыл жұмыс істейтін, талантты алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларының мәртебесін арттыру, сондай-ақ оқушылардың патриоттік тәрбиесі тәжірибесімен бөлісу, педагогтердің кәсіби біліктілігін және шығармашылық белсенділігін жетілдіру мақсатында Семей қаласында ҚАЗМЗИУ әскери кафедрасы базасында «Үздік алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушы-2019» республикалық конкурсы өтті. Конкурс ұйымдастырушылары «Білім және ғылым» республикалық шығармашылық бірлестігі, ҚАЗМЗИУ әскери кафедрасы, ардагерлер одағы, Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қимылдар және әскери шиеленістер қатысушылары, қорғаныс істері басқармасы, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, әскери-патриоттық тәрбие орталығы. Конкурсқа Атырау, Талдықорған, Павлодар қалаларынан оқытушылар,  Шығыс Қазақстан облысынан Абай, Көкпекті, Бородулиха, Бесқарағай, Жарма аудандары және Семей қаласы қатысты.

Конкурс келесі бағыттарда өткізілді: АӘТД бөлімдері бойынша жеке тестілеу, автоматты жартылай бөлшектеу және жинау, магазинді патрондармен жарақтау, электронды автоматтан ату, газқағар кию, дене дайындығы: кермеде тартылу, 100 метрге жүгіру және дәлдікке граната лақтыру.

 Қорытынды бес жас санаты бойынша жүргізілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер  «Ең үздік АӘД оқытушы - ұйымдастырушы» төсбелгілерімен, дипломдармен және медальдармен, сондай-ақ конкурс қатысушылары әртүрлі аталымдағы грамоталармен марапатталды.