Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Ата-аналар қоғамдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар
Ата-аналар қоғамдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
21-11-2019 16:44
Ата-аналар қоғамдастығы алдындағы қоғамдық тыңдаулар

2019 жылғы 21 қараша күні Балалар мен жастардың шығармашылық Сарайында қаланың ата-аналар қауымдастығы алдында қоғамдық тыңдаулар өтті. Барлығы 300 ата-ана қатысты.

Тыңдаулар басталар алдында шақырылған ата-аналар алдын ала дайындалған бағыттар бойынша Балалар мен жастардың шығармашылық Сарайының қызметімен және жетістіктерімен танысты, әртүрлі үйірмелер мен спорттық секцияларды аралады.

Мәжіліс залында білім бөлімінің басшысы Н. А. Фесенко шақырылғандарды білім беру саласының негізгі даму бағыттары, атап айтқанда: білім беру саласын қаржыландыру, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық және өзіне-өзі қол жұмсау профилактикасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, балалар мен педагогтердің оқу жылының басынан бері қол жеткізген жетістіктері, жаңа білім беру жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар отбасы және мектептің өзара әрекеттестігі мәселелері туралы сөз қозғалды.

Тыңдаулар соңында ата-аналар балаларға білім беру және тәрбие мәселесіне қатысты сұрақтар қойылды.