Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына StartUp-жобаларның жеңімпаздары
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына StartUp-жобаларның жеңімпаздары
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
22-11-2019 10:30
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына StartUp-жобаларның жеңімпаздары

Шәкәрім атындағы гимназия мен №12 ЖОББ оқушылары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің грантына StartUp-жобалардың жеңімпаздары атанды. Олардың жобалары әртүрлі қызмет салаларын автоматтандыруға бағытталған 15 үздік жобалардың бірі болып танылды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және ауыл шаруашылығы.

Даниал Ахметов көрмеге барып, дарынды балалармен әңгімелесті. Облыс әкімі дарынды оқушыларды әрдайым атап өтіп, әр үміткерге көңіл бөледі.

Біздің жеңімпаздар:

1) Әлішер Мәулетов, Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпсалалы гимназияның оқушысы, компьютерлік модельді ойын "Теңге алу" жобасы үшін 527, 5 мың теңге сомасына сертификат алды 2-3) Семей қаласының №12 жалпы орта білім беру мектебінің оқушысы Денис Сукачев екі жобаны әзірледі. Мектеп қазандығының құрылысын автоматтандырғаны үшін ол 1 млн.теңге көлемінде сертификат алды, smart клавиатураны және ұялы қосымшаны құрғаны үшін – 500 мың теңге.

Барлық балалар өз жобаларын одан әрі жақсартуға және әзірлеуге ақша салуды жоспарлап отыр. Біздің балаларға өздерінің шығармашылық міндеттерін табысты іске асыруларына тілектеспіз!