Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Балаларға арналған жаңа жылдық шырша
Балаларға арналған жаңа жылдық шырша
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
26-12-2019 15:21
Балаларға арналған жаңа жылдық шырша

Бәріміз үшін жарқын да, көңілді жаңа жылдық мереке қарасаңында облысымыздың  орталығы  Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің шыршасы өткізілді.

Аталмыш шараға Семей қаласынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жетім балалар, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан сондай-ақ дарынды, оқуда, спортта, және қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен 9-13 жас аралығындағы 35 бала  қатысты.

Балалар үшін ән мен күй, би, ертегі кейіпкерлерімен нағыз шоу ұсынылды.

Жаңа жылдық қойылым биылғы жылы «Біз– еліміздің жарқын болашағымыз!» тақырыбына арналды.

Сондай-ақ балалар «Қасқыр, жеті лақ және...» атты облыстық драма театрында сахналанған қойылымды, «Юбилейный» кинотеатрында «Холодное сердце» мультфильмін тегін тамашалауға мүмкіндік алды.

Мереке соңында жаңа жылдық шыршаға қатысушыларға ШҚО әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының атынан тәтті сыйлықтар мен заманауи ноутбуктер табыс етілді.

Балалар облыс әкіміне және ұйымдастырушыларға ұмытылмас мереке сыйлағаны үшін алғыс айтты!