Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қала Әкімінің жаңа жылдық шыршасы
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қала Әкімінің жаңа жылдық шыршасы
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
05-01-2020 09:15
Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қала Әкімінің жаңа жылдық шыршасы

Жыл сайын мыңдаған оқушы ересектердің қазақстандық балаларға арнаған дәстүрлі жаңа жылдық қойылымдарына  қатысады.

Биылғы жылы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала әкімінің шыршасы өткізіліп, оған 150 аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты, оның ішінде ауылдық мектептерден - 31 бала бар.

Балалар мерекеге карнавал костюмдерімен келді, іс-шара басталардан бұрын мрамор залында ертегі кейіпкерлері ойындар, викториналар, караоке ұйымдастырды.

Жаңа жылдық қойылымға қатысушыларды қала әкімі Е. Сәлімов келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады, "Аяз Атаның басты құпиясы" сценарийі бойынша балаларды жаңа жылдық шоу күтіп тұрды, сценарийде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өлеңдері қолданылды. Шоуға қатысушылар Егеуқұйрық, Қаңбақ Шал, Түйе, Гринч сияқты кейіпкерлермен  бірге жылдың басты Символына жоғалған құпияны табуға көмектесу үшін барлық сынақтардан өтеді. Бағдарлама барысында достық, өзара түсіністік, бір-біріне қолдау көрсетілді.

Содан кейін балалар шыршаны айналып, ән айтып және әрбір қатысушы қысқы сыртқы киім, спорттық костюм және тәтті сыйлық түрінде сыйлықтар алды.

Шоу бағдарламасының қатысушылары - Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының халықаралық, республикалық, облыстық конкурстарының лауреаттары.

Сонымен қатар, Абыралы өңірінің 100 баласы үшін жергілікті жерлерде қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өткізіліп, онда балалар спорттық костюмдер, ойыншықтар, тәтті сыйлықтар алды.

Жаңа жыл қарсаңында барлық білім беру мекемелерінде мерекелік жаңа жылдық қойылымдар өткізілуде.

Сондай-ақ 2019 жылдың 24 желтоқсанында аз қамтылған отбасы балаларының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 25 бала Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршасына қатысты және 10 бала Өскемен қаласында өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің шыршасына барды.

2019 жылдың 23 желтоқсанында ерекше қажеттіліктері бар 18 бала ата-аналарымен бірге Өскемен қаласында ШҚО білім басқармасы ұйымдастырған Жаңа жылдық қойылымға шақырылды.

Осы іс-шараларда болған әрбір бала ноутбуктар мен тәтті сыйлықтар алды.