Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » "Айгөлек" ясли - бақшасында өткізілген дөңгелек үстел
"Айгөлек" ясли - бақшасында өткізілген дөңгелек үстел
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
11-02-2020 14:58

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру "бағдарламасын жүзеге асыру бойынша бекітілген жоспарға сәйкес" № 9 "Айгөлек "ясли – бақшасы" КМҚК педагогтармен "Балаларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелейміз" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу бойынша педагогтардың білімін жетілдіру. Әдіскер Е. Ш. Омиртаева қатысушыларды дөңгелек үстел жұмысының жоспарымен таныстырды.Шараны өткізу барысында педагогтарға "Мен өз елімді мақтан тұтамын, өйткені ...." деген фразаны жалғастыру ұсынылды, содан кейін патриоттық тәрбие бойынша жұмыс жүйесі туралы ақпарат берілді, ол үш негізгі бағытты қамтиды: экологиялық, тарихи – өлкетану, мәдени. Педагогтар екі топқа бөлініп, оларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылды: "Эрудиттер" - сұрақтарға жауап беру, "Экологиялық акция" - педагогтарға осы акцияға қосылып экологиялық бағыт бойынша  өз жұмыс жоспарын құру ұсынылды, содан кейін педагогтар қазақ халқының ауыз шығармашылығы туралы өз білімдерін көрсетті, "Құқықтық академияда" - бала құқығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Жұмыстың келесі кезеңінде педагогтар төзімділік деген не екенін анықтады, педагогтардың бірінші командасына толерантты тұлғаның негізгі сипаттарынан төзімділік гүлін жасау, ал екінші командаға төзімділікке апаратын қадамдардан тұратын төзімділік гүлін жасау ұсынылды. Іс – шараның қорытындысы ретінде рефлексия болды, педагогтар өздеріне ұсынылған куб қырларына адамгершілік-патриоттық тәрбиенің негізгі бағыттарын жазды. Содан кейін кубты қолына алып,  куб өзін ұстамайды,  ол біздің қолымыздың арқасында сақталады деген қорытынды жасады. Сондықтан да балалардың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу біздің қолымызда.