Басы » Семей қаласының білім бөлімі » Жаңалықтар » «ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ-2020» КОНКУРСЫ
«ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ-2020» КОНКУРСЫ
Автор: Семей қаласының білім бөлімі
20-02-2020 09:50
«ЕҢ ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ-2020» КОНКУРСЫ

Конкурстың сырттай кезеңіне 16 сынып жетекшісі қатысты. Нәтижелері бойынша екінші кезеңге 10 сынып жетекшісі өтті.

Конкурс қорытындысы бойынша Бас жүлдені № 4 ЖОББМ 4 сынып жетекшісі А.Т. Тауасарова, 1 орынды №15 ЖОББМ 3 сынып жетекшісі О.С. Рябикова, 2 орынды –№3 ЖОББМК 6 сынып жетекшісі М.Д. Муратказыева және №7 ЖОББМЛ Д.К. Чаймаранова 7 сынып жетекшісі, 3 орын - «Шәкәрім атындағы гимназия» 5 сынып жетекшісі М.Н.Кунафина, № 11 ЖОББМ Ж.Ж.Серікова және Быхина атындағы ЖОББМ 4 сынып жетікшісі Г.Н Садуакасова алды. Қалған қатысушылар М.М.Уразмухаметова (37 гимназия), Н.Қ. Мұхаметсадық (49 ЖОББМ),  Г.С.Жунусканова (Озерки ЖОББМ) әртүрлі   номинациялар атап өтілді.

Қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.А.Құсайынова конкурс жеңімпаздарын құттықтай отырып, Алакөлге тегін жолдама, грамоталар және ақшалай сыйлықтар табыстады, сонымен қатар осы конкурс әрі қарай кәсіби өсуге ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Конкурс аяғында қазылар алқасы өз әсерлерімен бөлісіп, конкурс қатысушыларына алғыс білдіріп және өмірін педагогикалық қызметке  арнап және іс жүзінде өзінің жоғары кәсіби қабілеттері мен сүйікті ісіне берілгендікті дәлелдей білген барлық педагогтерге  алғыс сөздерін арнады.

Барлық қатысушыларға әрі қарай шығармашылық ізденіс, табыс, шығармашылық  шабыт тілейміз!