Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының құрама командасы 16 медальды жеңіп алды
Кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында Қазақстан Республикасының құрама командасы 16 медальды жеңіп алды
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
14-11-2017 16:36
Кикбоксингтен өткен Әлем чемпионатында  Қазақстан Республикасының құрама командасы 16 медальды  жеңіп алды
Қазақстанның ұлттық құрама командасы 3-12 қарашада Будапештте (Венгрия)  өткен кикбоксингтен Әлем чемпионатында 16 медальды жеңіп алып, елге қайтып келеді. 
Кикбоксингтен Әлем чемпионаты К-1, full-contact, low-kick бөлімдерінен тұратын ересектер арасында өтті. Жарысқа Әлемнің 70 елінен келген спортшылар қатысты. Құрамында 34 спортшы бар Қазақстанның ұлттық құрама командасы Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Қайрат Смағұловтың және аға жаттықтырушы Сансызбай Ибраевтың бастамасымен барып, 3 бөлім бойынша республикамызды танытты. 
Жарыстың қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Саят Тұрсбеков (71 кг, фулл-контакт бөлімі);
1 орын – Жандос Назарбеков (57 кг, К-1 бөлімі);
1 орын – Нұрсұлтан Хасанов (67 кг, фулл-контакт бөлімі);
2 орын – Ерлан Шагбан (54 кг, фулл-контакт бөлімі);
2 орын – Абзал Дюсупов (60 кг, фулл-контакт бөлімі);
2 орын – Арнал Канапьянов (57 кг, фулл-контакт бөлімі);
2 орын – Дидар Тулебаев (63,5 кг, фулл-контакт бөлімі);
2 орын – Айдын Абдрахманов (91 кг, фулл-контакт бөлімі);
3 орын – Азамат Досымбай (54 кг, К-1 бөлімі);
3 орын – Мади Тохтаров (74 кг, пойнт-файтинг бөлімі);
3 орын – Жәнәлі Салимгерей (51 кг, фулл-контакт бөлімі);
3 орын – Ғалымжан Қанаев (81 кг, фулл-контакт бөлімі);
3 орын – Ақерке Наурызбаева (56 кг, фулл-контакт бөлімі);
3 орын – Чингисхан Тлемисов (63,5 кг, К-1 бөлімі);
3 орын – Чингис Искаков (86 кг, К-1 бөлімі);
3 орын – Избаки Изим (+91 кг, фулл-контакт бөлімі).
Ұлттық құрама команда 3 алтын, 5 күміс және 8 қола медальды жеңіп алды. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі