Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Азамат Дәулетбеков Польшада өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Азамат Дәулетбеков Польшада өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
29-11-2017 17:05
Азамат Дәулетбеков Польшада өткен Әлем чемпионатында күміс  жүлдеге ие болды

2017 жылдың 21-26 қарашасында Польшада еркін күрестен Әлем чемпионаты өтті. 86 кг. салмақ дәрежесі бойынша Азамат Дәулетбеков жарысқа қатысып, күміс жүлдеге ие болды. Ақтық жарысқа шығу үшін Семейлік спортшы қытайлық палуан Зушен Линді 10:0 есебімен, әзірбайжан палуаны Гаджумурат Магомедсаидовты 6:2 есебімен, грузин палуаны Ираклия Мцитуриді 7:1 есебімен және кубалық палуан Лазаро Эрнандесті 9:4 есебімен жеңді.  Азамат ақтық сында ресейлік Алихан Жабраиловтан 7:8 есебімен ұтылды. 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі