Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Семей қаласының орталық кітапханасында қалалық спартакиаданың шахмат жарысы өтті
Семей қаласының орталық кітапханасында қалалық спартакиаданың шахмат жарысы өтті
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
22-12-2017 11:48
Семей қаласының орталық кітапханасында қалалық спартакиаданың шахмат жарысы өтті
2017 жылдың 22 желтоқсан күні Семей қаласының орталық кітапханасында қалалық кәсіпорындардың, ұйымдардың, құрылыс ұйымдарының және комуналдық кәсіпорындардың еңбек ұжымдары арасындағы қалалық спартакиаданың шахмат жарысы өтті.
Аталған жарысқа 6 кәсіпорын командалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен, медальдарымен марапатталды.
 
 
Дене шынықтыру  және спорт бөлімі