Наурыз мейрамы
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
29-03-2018 15:37
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы тек қана қазақ халқы үшін емес, орта Азиядағы басқа ұлттардың бес мың жылдан аса уақыт тойланатын үлкен мерекесі болып саналады.  Мереке  көктемде наурыз айының  22-ші жұлдызында тойланады.
22 наурыз мейрамы «Ұлттық көктем мерекесі» еліміз егемендік алғалы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1991 жылы шыққан жарлығынан басталып, қолға алынып, аталып өтуде. ОВ-156/16 мекемесінің әкімшілігі бұл мерекені шартты түрде өткізді.
Наурыз – бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жыл басы, күн мен түннің теңелуі. ОВ-156/16 мекемесінің басшылығы наурызды мерекелеуге жауапкершілікпен атсалысты. Сотталғандармен өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі іс-шаралар жоспарланды. Олар: мәлени-ағартушылық және спорттық бағыттар. 
Мерекенің арнайы ашылуы акт залында ОВ-156/16 мекеме басшылығының және Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы К. Бояубаевтың мерекеге арналған тілектері және құттықтауымен басталды.
Ары қарай негізгі бөлімді сотталған Г. Е. Шунаева мерекенің тарихы, салт-тәстүр мен әдет-ғұрыптары туралы және өзінің жүрекжарды тілектерімен жалғастырды.
Наурыз мерекесі ОВ-156/16 мекемесінің аумағында  ұлттық және спорттық ойындармен жалғасты. Спорттық ойындардың келесі түрлері өткізілді: гір тасын көтеру, арқан тартыс, баскетбол, волейбол, шахмат және шашки, қол күрестіру. 
Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің маманы К. Бояубаевтың атынан жеңімпаздарға мақтау грамоталары, кубоктармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
Мереке көңілді әуенмен, әдемі безендірулермен мекеме аумағында және ішінде жалғасын тапты. Сотталғандар арасында «Наурыз мейрамына» байланысты тақырыпта ең үздік қабырға газеттерінен байқау өткізіліп, алты сотталған қатысты. Олар ұлттық мерекеге арналған түрлі-түсті суреттерін ұсынды.   
Наурыз мерекесі-бүкіл жер бетіндегі тіршіліктің, барлық халықтың ауыз біршілік, ынтымақтастық мерекесі болып табылады.
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі