Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » «Swiss open - 2018» Халықаралық еуропа ашық турнирі өткізілді
«Swiss open - 2018» Халықаралық еуропа ашық турнирі өткізілді
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
04-05-2018 09:14
«Swiss open - 2018» Халықаралық еуропа ашық турнирі өткізілді
28 сәуірде Штанс қаласында Каратэ Шинкиокушинкай бойынша балалар, жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасындағы «Swiss open - 2018» Халықаралық еуропа ашық турнирі өтті. Турнирге 15 мемлекеттен келген 350 спортшы қатысты. Қазақстан командасы құрамында Семейлік Кульсеитов Тимур Еуропа турнирінің ең мықты деген қола медальін иеленді. Тимур 3 жекпе-жекке шығып, бірінші және екінші жекпе-жектерде Германия және Украинаның спортшыларын жеңіп, қатты күш салынған үшінші жекпе-жектегі қарсыласы Венгрияның спортшысына жеңісті беріп, қол жүлдені қанжығасына байлады. 
 
Дене шынықтыру және спорт бөлімі