Басы » Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі » Жаналықтар » Шымкентте өткен ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті
Шымкентте өткен ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті
Автор: Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі
05-05-2018 12:06
Шымкентте өткен ел чемпионатында шығысқазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті
ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «ШҚО олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ тәрбиеленушілері ел чемпионатынан үш жүлде еншіледі. Кілемге соңғы күні еркін күрес шеберлері шығып, облыс құрамасының қоржынына екі алтын, бір күміс медаль салды. Мейірбек Байжанов баптайтын балуандар екі бірдей жүлдеге қол жеткізді. Атап айтсақ, 74 келіге дейінгі салмақта кілемге беттеп шыққан Данияр Қайсанов барлық қарсыласын тізе бүктіріп, жарыс жеңімпазы атанды. Артынша тәжірибелі Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақта ақтық сынға сүрінбей жетті. Тек алтын жүлде үшін болған белдесуде қарсыласына жол беріп, күміспен күптелді. Ержан Құсайынов жаттықтыратын ауыр салмақтағы Олег Болтин қарсылас шақ келтірмеді. Ақтық сынға іркілмей жетіп, 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, оның алдында грек-рим және әйелдер күресінен жерлестеріміз бес жүлделі орынға ие болған. Бұрымдылар арасында Ирина Казюлина 68 келі салмақта тұғырдың ең биік сатысынан орын алды. Жарыстың қола жүлдесі 55 кг салмақта белдескен Жұпар Төлеубековаға бұйырды. Ал ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта Ернар Фидахметовқа тең келері болмады. Тағы бір алтын медаль 63 кг салмақта күрескен Ернұр Фидахметовке бұйырды. 97 келі салмақта жарыс жолына шыққан Салуат Ахметқалиев үздік үштікті түйіндеді.
 

Дене шынықтыру және спорт бөлімі